Құрметті әріптестер *!

14.05.2026

Құрметті әріптестер *!Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 7 және 9-баптарына сәйкес:
дербес деректерді өңдеу тек заңды негіздерде жүзеге асырылуы тиіс;дербес деректер тек нақты айқындалған және заңды мақсаттарда пайдаланылуы қажет;төмендегілер қамтамасыз етілуі тиіс:
— дербес деректердің құпиялылығы;
— олардың тұтастығы мен сақталуы;
— заңсыз қол жеткізуден, таратудан, өзгертуден немесе жоғалтудан қорғалуы.
Білім беру ұйымдарының басшылары міндетті:
* дербес деректерді қорғау бойынша заңнамада көзделген барлық ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға;
* дербес деректердің ашық ақпарат көздерінде орналастырылуына жол бермеуге;
* дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз және заңды негіздерсіз үшінші тұлғаларға беруді болдырмауға;
* ұйым қызметкерлерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 79-бабына сәйкес, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Просмотров: 3292


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу