Мемлекеттік қызметті Аршалы ЦДЮТ-те көрсету
15.05.2026
Аршалы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Балаларға қосымша білім беру қызметін ұсынатын ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыруға қабылдау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №219 бұйрығына сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі мақсаты — қосымша білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың мазмұнды және қауіпсіз бос уақытын ұйымдастыру.
Аршалы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына «Балаларға қосымша білім беру үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) бірінің атынан 1-қосымша үлгісі бойынша өтініш;
- ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) бірінің жеке басын куәландыратын құжат және баланың туу туралы куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (дара бастарын сәйкестендіру үшін);
- 027/у нысанындағы медициналық анықтама;
- мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет шектеулі қолжетімділігі бар жеке деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісімі, Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес.
Ерекше мінез-құлықты балалар, ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар қосымша білім беру ұйымдарына проактивті форматта, басым тәртіппен қабылданады.
Мемлекеттік қызмет тегін, қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты, қызмет бағыттарының тізімін Аршалы балалар - жасөспірімдер шығармашылығы орталығынан келесі мекенжай бойынша алуға болады: Ташенов көшесі, 47 В,