2019 жыл Ұланбасы кеңесі
БШО-да "Жас Ұлан" аудандық балалар ұйымының Ұланбасы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары, Ұланбасы , аудан мектептерінің аға тәлімгерлері қатысты. Отырыс барысында ойындармен, тренингтермен, тестермен, әзіл викторинамен көшбасшылық активтің оқуы өткізілді. Екінші бөлімде балалар мен ересектер жайлы атмосферада қарым-қатынас жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Ауданның мектеп балалар бірлестіктерінің Ұланбасы өз бірлестіктерінің 2018-2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы слайд есебін ұсынды.
Кеңес жұмысы барысында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған " Естеліктің беттерін парақтай.." атты сырттай сурет байқауының қорытындысы және ағымдағы оқу жылындағы аудандық іс-шараларға мектеп балалар бірлестіктерінің қатысу рейтингісінің қорытындысы шығарылды, Д. О. Правофланговтардың қатары толықтырылып, көптеген балалар бірлестіктері бірнеше жыл бойы біріншілікті ұстап тұратынын атап өту қуантарлық жайт:№2 Аршалы орта мектебі, ОРталық ОМ, №1 Аршалы орта мектебі, Сары-оба орта мектебі, Түрген орта мектебі, Тәшенов атындағы орта мектебі, және келесі мектептердің балалар бірлестігі жақсы нәтижелерге қол жеткізді:
1-орын Константинов ОМ,
2-орын Анар ОМ және Херсон ОМ,
3-орын Ижев ОМ. Аталған мектептердің аға вожатыйлары өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенді шығармашылық жұмысы, мектеп балалар бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру ісіндегі жетістіктері үшін аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.Алда балалардың демалысы мен мектеп жанындағы лагерьдегі жас вожатыйлардың жұмысы бар, оларға жақсы демалыс пен табысты жұмыс тілегіміз келеді.
Ұйымдастырушы-мұғалім Краснова Е.Э.