Мұражай жаңалықтары
Аршалы балалар шығармашылық орталығы тарихи-өлкетану мұражайы Ұлы Отан соғысы кезінде госпитальдарда қаза тапқан, хабар- ошарсыз кеткен және қайтыс болған аудан тұрғындарының тізімін нақтылау және толықтыру бойынша зерттеу және іздеу қызметін жалғастырады. Сондай-ақ, 1939 жылдан 1945 жылға дейін Вишневский АӘК-қа шақырылған және жұмылдырылған соғыс ардагерлерінің, сондай-ақ ауданға ТМЖ-ға келген соғыс ардагерлерінің тізімі нақтыланып, толықтырылуға жатады.
Бұл жұмыс орталық аудандық орталық кітапхананың қызметкерлерімен бірлесе отырып, мәліметтерді жинау бойынша өзіндік штаб ұйымдастырумен жүргізілуде.
Сонымен қатар, қаңтар және ақпан айларында мұражайларға «Естелік ақ құсы» циклынан Жеңістің 75 жылдығына арналған іс- шаралар өткізілді. «Бізді соғыс батырлардың есімдерімен байланыстырады» атты ерлік сабағына Аршалы агротехникалық колледжінің студенттері, сонымен қатар №2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Дәстүрлі наурыз шолу - аудан және кент тарихына арналған көріністі зерттеу материалдары негізінде жүргізіледі және ашық экспонаттау тәрбие көрмесімен толықтырылады.
Алғыс күніне қабырғалық материалмен тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды. Осы экспозицияның материалдарымен Агротехникалық колледж студенттері танысты. Аталмыш көрме аудан орталығының мектеп оқушылары мен мұражай қонақтары алдында өткізілді.
Н.Коростелева