Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Аршалы кентінің балалар –жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ «Менің елім» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті. Байқау қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру, балалардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, оларды рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында өткізіледі. Байқауға аудандағы мектептердің оқушылары 50-ден астам жұмыстарын жолдаған. Байқауға ауданымыздан барлығы 18 мектеп қатысты.