"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланы қандай үйірмеге беру керек

19.08.2020

Баланы қандай үйірмеге беру керек

Ерте ме, кеш пе көптеген ата-аналардың алдында сұрақ туындайды:

«Баланы қандай үйірмеге беру керек?»

Бірінші кезекте ата-аналар баланың табиғатынан берілген қабілетіне назар аударуы керек. Егер мектепке дейінгі жаста баланың қабілеттері айқын көрінсе, онда үйірмені таңдауда мәселелер болмайды. Бірақ егер бала әлемдегі барлық нәрсеге қызығушылық танытса, онда ата-аналар үйірмені өз бетінше таңдауға тырысуы мүмкін. Үйірмені таңдағанда мыналарды ескеру қажет:

Баланың темпераменті және мінезінің ерекшеліктері. Өйткені, ұялшақ бала хореографиялық үйірмеде өзін жақсы сезінуі екіталай, ал модельдеу кезінде "іш пысарлықтай" күйде болады.

Мүмкін, ата-аналар баласында кәсіби спортшының бейімділігін байқаған шығар, сондықтан баламен алдын-ала толық медициналық тексеруден өтіп, баланың толық сау екеніне және осы спорт түрімен қарастырылған жүктемелерге төтеп бере алатындығына көз жеткізген жөн.

Үйірмелердегі немесе секциялардағы сыныптан тыс сабақтар баланың өзін көрсетуге, әлеуетін ашуға және бос уақытын жоспарлауға үйретеді. Ақылды және шыдамды ата-аналар үшін үйірмені таңдаудың негізгі критерийі баланың ұсынылған үйірмеге қатысты пікірі болады.

БШО-да бар барлық үйірмелерді келесі санаттарға бөлуге болады:


1.Ғылыми-техникалық бағыттағы;

2. Көркемдік-эстетикалық бағыттағы;

3. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт.

Сіз дұрыс таңдау жасайсыз деп үміттенеміз.

БШО қош келдіңіз!

 

                                                                              Әдіскер:  Мадьярова Ж.М.            

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст