Сіздің қызметіңіз қауіпті және қиын!
Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Олардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді.
Осы тамаша мереке қарсаңында Аршалы ауданының ТЖ бөлімінде балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Өрт сөндіру бөлімі бойынша шағын экскурсия өткізілді, балаларға өздерін өрт сөндірушілер рөлінде сезінуге, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көруге, өрт сөндіру машинасында отыруға, отты сөндіруге, тіпті оттегі баллоны (ТОЖҚҚ) арқылы дем алуға мүмкіндік берілді. Экскурсия өте қызықты өтті, балалар көптеген жағымды эмоциялар алды, ең бастысы құтқару қызметінің қаншалықты ауыр екенін білді. Бұл күні балалар өрт сөндірушінің әдеттегі күніне толығымен батып кетті. Экскурсия кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталды.