«Күз келді!»
Әдетте балалар не күтеді? Әрине, мереке! Күнтізбеде маңызды күн болмаса да, неге басқа оқиғаның құрметіне мереке ұйымдастырмасқа, мысалы, күздің келуі? Елдегі коронавирустық пандемияға байланысты бізде үлкен бұқаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігіміз жоқ, бірақ біз күздің келуін назардан тыс қалдырмауға және үйірмелердің кезекші топтарында шағын Күзгі марафон өткізуге шешім қабылдадық.
19 қазан күні БШО «Күз келді!» деп аталатын шағын күзгі марафон өткізілді.
Балалар көңілді ойындар ойнады, өлеңдер оқыды, күзгі жұмбақтарды шешті және викторинаға қатысты.
Балалардың күзгі мерекелері – бұл күлкі мен қуаныш, өйткені-күз көңілсіз уақыт деп жатады бірақ балалар, бұл уақытты аяқ астындағы алтын құлаған жапырақтар мен жаңбырды тамашалау, сол уақытта қолшатыр астында серуендеу, резеңке аяқ киім және жадағай киіну өте қызық деп елестетеді.
Аталған іс-шараны өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталды.